Астана медицина университеті академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелдік университеттерде білім алуға «Жалпы медицина» мамандығының 5 курс және «Мейіргер ісі» мамандығының 3 курс студенттеріне конкурс жариялайды.
Қолжетімді бағдарламалар:
- Любляна университеті, Словения (2 орын)
- Интернатура – 6 курс
- Күзгі семестр (3 ай)
- Барлық шығындар Erasmus+ халықаралық грантымен өтеледі
- Ағылшын тілінің қажетті деңгейі – B2 / IELTS 6.5
- Құжаттарды қабылдау мерзімі: 13.03.2025-02.04.2025
- Сеул ұлттық университеті, Оңтүстік Корея (1 орын)
- Интернатура – 6 курс
- Оқу мерзімі – 3 апта
- Ішінара қаржыландыру:
- әуе қатынасы (университет есебінен, 170 АЕК дейін)
- оқыту-ақылы (250 000 тг. 3 апта ішінде)
- тұру, тамақтану, виза – білім алушының есебінен
- Құжаттарды қабылдау мерзімі: 13.03.2025-02.04.2025
- Ла Сапиенца университеті, Италия (2 орын)
- Интернатура – 6 курс
- Күзгі семестр (3 ай)
- Ішінара қаржыландыру:
- әуе қатынасы (170 АЕК дейін)
- оқыту – тегін
- тұру, тамақтану, виза-білім алушының есебінен
- Ағылшын тілінің қажетті деңгейі – B2 / IELTS 6.5
- Құжаттарды қабылдау мерзімі: 13.03.2025-02.04.2025
- Мазовия инновациялық ғылымдар академиясы, Польша (2 орын)
- Бакалавриат – 3 курс
- Көктемгі семестр (2 апта)
- Ішінара қаржыландыру:
- әуе қатынасы (170 АЕК дейін)
- оқыту – тегін
- тұру, тамақтану, виза-білім алушының есебінен
- Ағылшын тілінің қажетті деңгейі – B2 / IELTS 6.5
- Құжаттарды қабылдау мерзімі: 13.03.2025 – 17.03.2025
Конкурсқа қатысу шарттары:
- академиялық қарыздың болмауы
- тәртіптік жазаның болмауы
- GPA орташа балы 3,2-ден төмен емес (қайталама қатысушылар үшін – 3,6-дан бастап)
- халықаралық және республикалық олимпиадаларда жүлделі орындардың болуы (жақсырақ)
- B2 деңгейінен төмен емес шет тілін білу (IELTS 6.5 сертификатымен немесе баламалы құжатпен расталады)
Қажетті құжаттар:
- CV (түйіндеме)
- Motivation letter (мотивациялық хат)
- Recommendation letter (ұсыныс хат)
- 3×4 сурет
- Төлқұжат
- Транскрипт (дипломға қосымша)
Барлық құжаттар шетелдік жоғары оқу орындарына ағылшын тілінде ұсынылуы тиіс.
Конкурсқа тек Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
- Өтінімдерді қабылдау: Халықаралық ынтымақтастық орталығы
- Мекен-жайы: Астана қ., Бейбітшілік 49А, бас ғимарат, 405 кабинет
- Консультациялар мен құжаттарды қабылдау уақыты: 16:00-ден 17:00-ге дейін
- Конкурсты өткізу күні: кейінірек жарияланады
Әлемнің жетекші университеттерінің бірінде бағалы халықаралық тәжірибе алу және біліміңізді кеңейту мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!