IV ЖОО-аралық ғылыми-практикалық конференция: жаңа зерттеулер және кәсіби диалог

IV ЖОО-аралық ғылыми-практикалық конференция: жаңа зерттеулер және кәсіби диалог

IV ЖОО-аралық ғылыми-практикалық конференция: жаңа зерттеулер және кәсіби диалог

Астана медицина университетінде «Мультидисциплинарлық тәсіл: жалпы тәжірибе, дерматовенерология және іргелес пәндердің өзара әрекеттесу» атты IV ЖОО-аралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Дәстүрге айналған іс-шара Қазақстанның алты медициналық университетінің студенттерін, резиденттерін, оқытушылары мен жас ғалымдарын біріктірді.

Конференция бағдарламасына 34 баяндамашы – бакалавриат, резидентура және докторантура білім алушылары қатысты. Қатысушылар дерматовенерология және сабақтас пәндер бойынша әртүрлі зерттеулерін ұсынды.

Конференция қорытындысы бойынша бірден бірнеше баяндамашы жеңімпаз атанды:

 

Студенттер бөлімі:

 -Ширшикпаева Жұлдыз (ЖПД, 6 курс) – «Медицина қызметшілерінің кәсіпі қол экземасы: денсаулық пен өмір сапасына әсері»;

 -Серғалы Гүлім (интерн, 6 курс) – «Мектеп жасындағы балалардағы миопияны ерте диагностикалау мәселелері»;

 -Қарабай Жанатбек және Арипханов Н. (бакалавриат, 3 курс) – «Созылмалы бүйрек ауруы бар науқастарда терінің қышуын өлшеудің кешенді тәсілі».

 

Оқытушылар мен резиденттер секциясы:

 -Рамазанова Айгүл (дерматовенерология және Дерматокосметология кафедрасының ассистенті, АМУ КеАҚ) – «Жасанды интеллект туралы табиғи интеллект»;

 -Дүйсенбекова Махаббат (резидент, 2 курс) – «Қоғам көзіндегі дерматологиялық аурулар: психологиялық және әлеуметтік аспектілер»;

 -Мұстафина Тоғжан (резидент, 1 курс) – «Популяциядағы тері ксерозының таралуын бағалау, түзету әдістері».

 

Қатысушылардың жұмысын тәуелсіз сараптама комиссиясы бағалады, оның құрамына жетекші ғалымдар мен тәжірибешілер кірді:

✔ Мейрам Мулдахметов – медицина ғылымдарының докторы, профессор, нефрология және пульмонология курстары бар балалар аурулары кафедрасының меңгерушісі;

✔ Жанар Бөкеева – медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, академик Е.Д. Даленов атындағы профилактикалық медицина ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары;

✔ Виктор Ткачев – медицина ғылымдарының кандидаты, реабилитология және спорттық медицина кафедрасының профессоры.

 

Конференцияға қатысушылар іс-шараны ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтіп, ұйымдастырушыларға білім мен тәжірибе алмасу мүмкіндігі үшін алғыстарын білдірді. Олардың айтуынша, форум Қазақстанда медицина ғылымының дамуына ықпал ете отырып, жас ғалымдар мен мамандардың кәсіби өсуі үшін маңызды алаңға айналды.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика