Астана медицина университетінде гистология және цитология кафедрасында студенттік ғылыми үйірме (СҒҮ) жұмысы аясында студенттердің ғылыми конференциясы өтті. Конференция аясында қан тіндерінің, сүйек кемігінің, сенсорлық, нерв, эндокриндік және т.б. жүйелер нозологияларын қамтитын 43 баяндама ұсынылды.
Баяндамалардың тақырыбы оқу процесімен тығыз байланысты болып келді. Конференцияға дайындалу барысында студенттер кәсиби әдебиетті зерттеп, соның ішінде шетелдік тұпнұсқаларын оқып танысты. Бұл қатысушыларға ой өрісін кенітуге және ғылыми мәліметтермен жұмыс істеу дағдыларын жақсартуға мүмкіндік берді.
СҒҮ жетекші, кафедра меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы, профессор Айсулу Кикимбаеваның айтуынша: «Өткізілген ғылыми конференция студенттердің пән бойынша білімдерін тереңдетуге, зерттеу әдістерін меңгеруге және бағалы кәсіби дағдыларды игеруге көмектесетін шығармашылық және ғылыми әлеуетін ашатын алаңға айналды».
Ғылыми жұмыстар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде баяндалды. Әр жұмысты құрамына кафедра оқытушылары кірген қазылар алқасы бағалады. Тақырыптың өзектілігі, ғылыми жаңалығы, талдау тереңдігі және материалды ұсыну сапасы бағалаудың негізгі критерийлері болды.
Студенттік ғылым - бұл тек қосымша белсенділік қана емес, болашақ мамандардың қалыптасуының маңызды кезеңі. Мұндай іс-шаралар зерттеу дағдыларын, сыни ойлауды дамытуға ықпал етеді және жас ғалымдардың үнемі өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысын тәрбиелейді.