Биылғы Дүниежүзілік денсаулық күні «Дені сау өмірдің бастамасы – жарқын болашақтың кепілі» атты жаһандық кампаниямен ашылды. Бұл бастама аналар мен жаңа туған сәбилердің денсаулығын қорғауға қоғам назарын аударуға бағытталған. Халықаралық қауымдастықтың басты мақсаты – әйелдер мен балалардың денсаулығын сақтау шараларын күшейту, медициналық көмекті қолжетімді әрі сапалы ету.
Астана медицина университетінде бұл күн денсаулыққа қамқорлық жасау – күн сайынғы саналы таңдау екенін еске салуға арналады. Спортпен айналысу, профилактика және дұрыс тамақтану – ұзақ әрі белсенді өмірдің кепілі.
7 сәуір – әрқайсымыз үшін маңызды күн. Бұл – бір сәтке тоқтап, айналаға қарап, денсаулықтың өміріміздегі ең құнды байлық екенін еске алатын уақыт. Өз денсаулығымызға мән беру арқылы біз жарқын және үйлесімді болашақтың іргетасын қалаймыз.
Осы күн әрдайым денсаулығымызды бағалап, оны күн сайын қорғаудың маңызын еске салып тұрсын!
Дүниежүзілік денсаулық күні құтты болсын!