7 СӘУІР – ДЕРМАТОВЕНЕРОЛОГ КҮНІ

7 СӘУІР – ДЕРМАТОВЕНЕРОЛОГ КҮНІ

7 СӘУІР – ДЕРМАТОВЕНЕРОЛОГ КҮНІ

Бүгін біз адам денсаулығының маңызды бағытына қызмет етіп жүрген кәсіби дәрігерлер – дерматовенеролог мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз. Бұл сала — терең білім мен тәжірибені, мұқияттылықты, ерекше жауапкершілік пен әр науқасқа жанашыр көзқарасты талап ететін күрделі әрі аса қажетті медициналық бағыт.

 

Тері аурулары мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялар – адамның дене және психоэмоционалдық жай-күйіне әсер ететін маңызды медициналық әрі әлеуметтік мәселе. Осы жауапты салада жұмыс істейтін дәрігерлер заманауи диагностика, тиімді емдеу және алдын алу шаралары арқылы мыңдаған адамның өмір сапасын жақсартуға үлес қосып келеді.

 

Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз, төзімділік пен жанашырлықтарыңыз зор құрметке лайық.

 

Еңбектеріңіз жемісті болсын, ал өмірлеріңіз денсаулыққа, шабытқа және шынайы ризашылыққа толы болғай!

 

Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын – Дерматовенеролог күнімен!

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика