Жеңіс үшін серпіліс: Үстел теннисі турнирінің нәтижелері шықты

Жеңіс үшін серпіліс: Үстел теннисі турнирінің нәтижелері шықты

Жеңіс үшін серпіліс: Үстел теннисі турнирінің нәтижелері шықты

Академик Е.Д. Даленов атындағы профилактикалық медицина ғылыми-зерттеу институты Астана медицина университетінің оқытушылары мен қызметкерлері арасында үстел теннисінен «Ректор кубогы» турнирін сәтті ұйымдастырды.

Жарыс ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей біріншілік форматында өтіп, ұжым мүшелерін достық бәсекелестік пен командалық рухты сезінуге мүмкіндік берген нағыз спорттық мерекеге айналды.

 

Турнир жеңімпаздары:

 

Ерлер арасында:

Бірінші орын - Шакирт Канжил – Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтау кафедрасының оқытушысы

Екінші орын - Атетов Ерден – академик Ерболат Даленов атындағы профилактикалық медицина ғылыми-зерттеу институтының оқытушысы

Үшінші орын - Калин Асқар – академик Ерболат Даленов атындағы профилактикалық медицина ғылыми-зерттеу институтының оқытушысы

 

Әйелдер арасында:

Бірінші орын - Исмагулова Бахыт – баспасөз қызметінің бас маманы

Екінші орын - Имамалиева Гулнора – академик Е.Д. Даленов атындағы профилактикалық медицина ғылыми-зерттеу институтының оқытушысы

Үшінші орын - Атетова Айгуль – Стратегиялық және сыртқы даму орталығының маманы (ССДО)

 

Ұйымдастырушылар турнирге қызығушылық танытып, белсенділік көрсеткен барлық қатысушыларға шынайы алғыстарын білдіріп, жеңімпаздарды лайықты жеңістерімен құттықтады.

«Мұндай шаралар салауатты өмір салтын насихаттаумен қатар, ұжымды біріктіріп, ұйымшыл ортаны қалыптастыруға ықпал етеді деп сенеміз. Бұл турнир әр қатысушының жаңа жетістіктер мен жеке даму жолындағы келесі қадамына айналсын!» – деді СӨС орталығының жетекшісі Шахрух Нажимов.

 

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, барлық қатысушыларға спортта да, кәсіби қызметте де толағай табыстар тілейміз!

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика