Күні: 10-11 сәуір 2025 жыл
Өткізу уақыты: 9:00
Өтетін орны:
№2 қалалық көпсалалы аурухана, Астана қ., Т.Рысқұлова көш., 6
Ұйымдастырушылар:
«Астана медицина университеті» ҚеАҚ, Астана қаласы әкімдігінің «№2 қалалық көпсалалы ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, «Астана қаласының неврологтар академиясы» ҚБ.
Оқиғаның сипаттамасы:
2025 жылғы 10-11 сәуірде Астана қаласы «Көп бейінді ауруханада экстрагениталды патологиясы бар жүкті әйелдерді басқару» тақырыбында II Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Шара Астана медицина университетінің «Ғылым күндері» аясында ұйымдастырылады және №2 қалалық көпсалалы аурухананың 15 жылдығына арналады.
Конференцияның мақсаты:
Жүкті әйелдердегі соматикалық экстрагениталды патологиялар туралы ақпарат алмасу, диагностика және емдеу бойынша халықаралық клиникалық нұсқауларды талқылау, сондай-ақ осы саладағы мамандар арасында тәжірибе және білім алмасу.
Келесі санаттағы катысушылар шақырылады:
• Қазақстандық және шетелдік ғалымдар
• Практикалық денсаулық сақтаудың менеджерлері мен дәрігерлері (пульмонологтар, невропатологтар, эндокринологтар, нефрологтар, ревматологтар, кардиологтар, гастроэнтерологтар, жалпы практика дәрігерлері, терапевтер, акушер-гинекологтар және басқа да мамандар)
• Медициналық жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының оқытушылары
• Магистранттар, докторанттар, медициналық ординаторлар және интерндер
Өткізу форматы: офлайн
Конференция тілдері: қазақ, орыс
Қосымша ақпарат:
Конференцияға қатысушыларға сертификаттар беріледі. Қатысуға тіркелу мына сілтеме бойынша жүзеге асырылады: https://conference.amu.kz/.