Астана медицина университеті мектеп оқушыларын, талапкерлерді және олардың ата-аналарын 2025 жылғы 29 сәуірде сағат 11:00-ден 13:30-ға дейін, Астана қ., көш. Бейбітшілік, 49А. мекенжайы бойынша шақырады.
Бұл университетпен жақынырақ танысуға, мұғалімдерге сұрақтар қоюға, оқу бағдарламасы туралы білуге, кәсіптік бағдарлау тестілеуінен өтуге және өзін үлкен медициналық қауымдастықтың бір бөлігі ретінде сезінуге тамаша мүмкіндік.
Бағдарламада:
• Мектеп декандарымен және студенттік өзін-өзі басқару ұйымының өкілдерімен кездесу
• Ұлттық тестілеу орталығының өкілінен қабылдау ережелері мен ҰБТ туралы пайдалы ақпарат алу
• Анатомиялық мұражай көрмесі - адам денесінің құрылымын көруге бірегей мүмкіндік
• Жалпы және биологиялық химия кафедрасының зертханалық жабдықтарын көрсету
• Психофизиологиялық тестілеу – сізге қай медициналық мамандық жақын екенін анықтау
• Әскери дайындық бағдарламасының тұсаукесері
• Кампус пен аудиторияларды аралау
Тіркелу қажет:
Байланыс ақпараты:
Тел.: 8 (7172) 53-95-12, 8 (708) 494-21-79