2025 жылғы 17–18 сәуір күндері сағат 14:00-де елордадағы ең танымал сауда-ойын-сауық орталықтарының бірі — «Хан Шатыр» СОО-да салауатты өмір салтын насихаттауға, аурулардың алдын алу мен халықтың медициналық сауаттылығын арттыруға бағытталған әлеуметтік маңызы бар іс-шара ұйымдастырылады.
Аталған шара салауатты өмір салты қағидаттарын ілгерілету және әлеуметтік маңызы бар ауруларды ерте анықтау бастамасы аясында ұйымдастырылып отыр.
Басты мақсат — кез келген адамның білікті медициналық көмекке қол жеткізуін қамтамасыз ету.
Шара барысында келесі мүмкіндіктер ұсынылады:
Алдыңғы қатарлы дәрігер-мамандардың тегін кеңестері:
· онкохирург – онкологиялық аурулардың алдын алу, қауіп факторлары, өмір салты және жүйелі тексерулердің маңыздылығы туралы;
· онкодерматолог – тері мен меңдегі күмәнді жаңа түзілістерді диагностикалау, ультракүлгін сәулеленуден қорғануға қатысты кеңестер;
· онкомаммолог – өздігінен тексеру, скрининг және сүт безі ауруларын ерте анықтаудың маңызын түсіндіру;
· жалпы практика дәрігері – жалпы денсаулық жағдайы, артериялық қысым, тамақтану, өмір салты және созылмалы аурулардың алдын алу мәселелері бойынша.
• Ақпараттық брошюралар мен танымдық материалдар
• Дәрігерлерге жеке сұрақтар қойып, қосымша тексеруден өтуге қатысты ұсыныстар алу мүмкіндігі
• Тамақтану, физикалық белсенділік, күйзеліспен күрес және зиянды әдеттерден бас тарту бойынша жеке кеңестер
Неліктен бұл маңызды?
Қазіргі таңда дер кезінде қойылған диагноз – денсаулық пен ұзақ өмірдің кепілі. Созылмалы және онкологиялық аурулардың басым бөлігін ерте кезеңде анықтап, алдын алуға болады. Ол үшін тек белгілі белгілерге назар аударып, дәрігерге тұрақты қаралып отыру қажет.
Қатысуға кімге пайдалы болады?
– Денсаулығына бейжай қарамайтын кез келген жастағы азаматтарға
– Алдын алу тексеруінен ұзақ уақыт өтпеген адамдарға
– Маманнан кәсіби кеңес алып, салауатты өмір салтына ынталану іздеген жандарға
Өтетін орны: «Хан Шатыр» СОО, 1-қабат, орталық алаң
Күні мен уақыты: 2025 жылғы 17 және 18 сәуір, басталуы — 14:00
Қатысу форматы: еркін, алдын ала тіркелусіз
Өзіңіз де келіңіз, жақындарыңызды ертіп келіңіз — дені сау болашаққа алғашқы қадамды бүгін жасаңыз!