АСТАНА МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРІ ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ ФУТБОЛ ТУРНИРІН ӨТКІЗДІ

АСТАНА МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРІ ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ ФУТБОЛ ТУРНИРІН ӨТКІЗДІ

АСТАНА МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРІ ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ ФУТБОЛ ТУРНИРІН ӨТКІЗДІ

2025 жылғы 14 сәуірде Астана Медицина университетінде Жеңіс күніне арналған шетелдік студенттер арасындағы футбол турнирі өтті. Бұл спорттық шара түрлі елдерден келген студенттерді біріктіріп, шынайы командалық рухтың, құрмет пен достықтың мерекесіне айналды.

Турнирге 8 команда қатысты. Әр матч қызыққа, тартысқа және шынайы эмоцияларға толы болды.

Жүлделі орындар келесідей бөлінді:

  • 1 орын — Manipur 1
  • 2 орын — Vokzhal Strikers
  • 3 орын — Team Falcon

Бұл турнир тек жарыс қана емес, ол спорттың шекараны жоятындығын, адамдарды жақындастырып, өзара түсіністік мәдениетін қалыптастыратынын көрсетті.

«Біз студенттерімізді мақтан тұтамыз. Олар — тек болашақ дәрігерлер ғана емес, сонымен қатар нағыз спортшылар, көшбасшылар және бір-біріне сенімді достар. Мұндай шаралар олардың бойында адалдықты, жауапкершілікті және ұйымшылдықты тәрбиелейді — бұл қасиеттер спортта ғана емес, медицинада да аса маңызды», — деп атап өтті турнир ұйымдастырушыларының бірі.

Астана Медицина университеті барлық қатысушыларға, ұйымдастырушыларға және жанкүйерлерге белсенділік пен қолдау білдіргені үшін алғыс айтады. Бұл турнирдегі жеңіс — достықтың, құрмет пен бірліктің жеңісі.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика