МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Өтетін күні мен уақыты: 2025 жылғы 18 сәуір, сағат 10:00
Өтетін орны: Астана қ., Бейбітшілік көшесі 49а, 401-кабинет

Астана медицина университетінде медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін міндетті сақтандыруды енгізу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтеді. Шараға университет оқытушылары, медициналық құқық саласындағы мамандар, кәсіподақ өкілдері және қоғамдық ұйым мүшелері қатысады.

Дөңгелек үстел бағдарламасы аясында Астана медицина университетінің оқытушылары, медициналық құқық саласындағы сарапшылар, салалық кәсіподақтар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері өз баяндамаларымен сөз сөйлейді.

Қандай мәселелер қарастырылады?

Дөңгелек үстел барысында Қазақстанда медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін міндетті сақтандыру жүйесін іске асыру мен дамытуға қатысты келесі мәселелер талқыланады:

·                  заңнаманы қолдану практикасы;

·                  медицина қызметкерлерін құқықтық қорғау тетіктері;

·                  құқықтық қауіптер мен қылмыстық жауапкершілік;

·                  медиацияны қолдану мүмкіндіктері;

·                  кәсіподақтар мен пациенттік қауымдастықтармен өзара іс-қимыл.

 

Өткізу форматы: офлайн + онлайн (Zoom)

Қосылу сілтемесі:

https://us06web.zoom.us/j/84161440489?pwd=HLH5hoPax3A44tmGM2oxuTc0LQm5RX
Идентификатор: 841 6144 0489; Кіру коды: 774947

 

Бұл дөңгелек үстел медицина мен құқық саласындағы мамандар арасындағы пікір алмасуға арналған практикалық алаң болмақ. Шараның мақсаты — медицина қызметкерлерінің құқықтық қорғалу деңгейін арттыру.

Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін міндетті сақтандыру жүйесіне қатысты негізгі мәселелерді бірге талқылауға шақырамыз!

Байланыс нөмірі: +77017546078 – Гүлмира Сейілқызы Базарова

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика