Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос мемлекеттік білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 11 сәуірден 15 маусымға дейін (бакалавриат студенттері және интерндер үшін) жүзеге асырылады. Өтініштер мен құжаттарды қабылдауды тиісті мектептер жүзеге асырады.
Құжаттар тізімі:
1) үлгіге сәйкес өтініш;
2) жеке куәліктің көшірмесі;
3) оқуға ақы төлейтін тараптан бос мемлекеттік білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға және үміткер болуға рұқсат берілген келісімхат (әкімдіктер/өзге де ұйымдар есебінен ақылы негізде оқитын студенттер үшін)