Тілім - менің тірегім
2025 жылғы 18 сәуірде Алматыда денсаулық сақтау қызметкерлері арасында ұйымдастырылған «Мемлекеттік тіл – менің тілім» республикалық байқауының қорытынды салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара мемлекеттік тілді насихаттау және оның медициналық қауымдастық пен қоғам өміріндегі рөлін нығайту үшін маңызды алаңға айналды.
Жеңімпаздар қатарында бес жүлдегер Астана медицина университетінің оқытушы-профессорлары болды. Олар кәсіби шеберлігі мен мемлекеттік тілге деген шексіз құрметін көрсете отырып, университетті абыроймен таныстырды. Олардың үшеуі құрметті төсбелгі иегерлері атанса, тағы екеуі мемлекеттік тіл саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Номинациялар бойынша төсбелгі иегерлері:
Г.Е. Бегларова, м.ғ.к., В.Г. Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасының профессоры, даналығымен қоғамға үлгі бола білгені, мол тәжірибесі және өз ісіне адалдығы үшін «Даналық» номинациясы бойынша төсбелгі;
Ж.Н. Нұрбергенқызы, Академик Е.Д. Даленов атындағы профилактикалық медицина ҒЗИ жетекші ғылыми қызметкері, дәрігер-диетолог - ана тіліне деген ерекше сүйіспеншілігі және оны насихаттауға белсенді қатысқаны үшін «Тіл жанашыры» номинациясы бойынша төсбелгі;
Ш.Т. Жукушева, м.ғ.к., Гастроэнтерология, эндокринология және пульмонология курстарымен ішкі аурулар кафедрасының доценті — даналығымен қоғамға үлгі бола білгені, мол тәжірибесі және өз ісіне адалдығы үшін «Даналық» номинациясы бойынша төсбелгі.
Мемлекеттік тіл саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін:
Ж.А. Ешмағамбетова, м. ғ. к., Нефрология, гематология, аллергология және иммунология курстарымен ішкі аурулар кафедрасының доценті;
Ш.Ж. Жанадилов, м.ғ. к., реабилитология және спорттық медицина кафедрасының доценті Алғыс хаттармен марапатталды.
Бұл марапаттар оқытушыларымыздың тек жеке еңбектерін мойындау ғана емес, сонымен қатар университетіміз еліміздің тіліне, мәдениеті мен дәстүрлеріне құрмет пен құндылықтарды сақтайтынының дәлелі болып табылады.
Әріптестерімізді лайықты жеңісімен құттықтаймыз және мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз! Сіздерге шығармашылық шабыт және жаңа биіктерді бағындыруыңызды тілейміз!