«Астана медицина университеті» КеАҚ қабырғасында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында өткізілетін студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық жыл сайынғы конкурсының (СҒЗЖ) I кезеңінің жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Байқаудың мақсаты – студенттік ғылымды дамыту, ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру, сондай-ақ медицина, фармация, қоғамдық денсаулық сақтау және онымен сабақтас басқа да салалардағы өзекті мәселелерді шешуге қабілетті дарынды жастарды анықтау және қолдау.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі ұтқыр жастарды, университеттің барлық факультеттерінің оқытушылары мен ғылыми тәлімгерлерін біріктірген Жас ғалымдар форумы аясында өтті.
Конкурстың I кезеңінің жеңімпаздары:
Медицина бағыты бойынша:
1 орын – Алишер Ибраев
2 орын – Аида Досанова
3 орын – Ансар Акаев
Фармация бағыты бойынша:
1 орын – Аружан Кайдарова, Зарина Кадралинова
2 орын –Назым Алиева, Мәдияр Шаихов
Қоғамдық денсаулық бағыты бойынша:
1 орын – Алина Адильгереева, Амина Амырканова
2 орын – Акдаулет Идагат, Мәдияр Шаихов
3 орын – Тоғжан Алтай
Педиатрия бағыты бойынша:
1 орын – Асем Мухамадова
2 орын – Диана Қыпшақбай
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және одан әрі ғылыми жетістіктер, шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз!