Астана медицина университетінің студенттері Мәскеуде өткен «GxP-Фест-2025» халықаралық фестивалінде үздіктер қатарынан көрінді

Астана медицина университетінің студенттері Мәскеуде өткен «GxP-Фест-2025» халықаралық фестивалінде үздіктер қатарынан көрінді

Астана медицина университетінің студенттері Мәскеуде өткен «GxP-Фест-2025» халықаралық фестивалінде үздіктер қатарынан көрінді

2025 жылғы 18–19 сәуір күндері Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің 98 жоғары оқу орнынан 130-дан астам команданы біріктірген V Халықаралық студенттік «GxP-Фест-2025» фестивалі өтті. Аталған іс-шарада Астана медицина университетінің «Фармация» білім беру бағдарламасының студенттері Карлығаш Ақпаева басшылығымен жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Фестивальдің іріктеу онлайн-кезеңінің нәтижесі бойынша университеттің екі командасы финалға өтіп, Мәскеуде өткен қорытынды кезеңде елеулі жетістіктерге қол жеткізді:

3-орын – 3-курс студенттерінен құрылған «Мандрагора МУА» командасы:

Мира Иманғалиева, Алина Зинадил, Аяжан Балғынбаева.

5-орын – 5-курс студенттерінен құралған «Pharmavation» командасы:

Аружан Қайдарова, Лаур Жүсіпова, Дана Қанатбек, Зарина Қадралинова.

Екі команда да кәсіби білім, топпен жұмыс істеу және дайындық деңгейі бойынша жоғары нәтижелер көрсетіп, фестиваль лауреаттары атанды.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Сондай-ақ студенттік ғылымды дамытуға қосқан үлесі мен жас дарындарға көрсеткен қолдауы үшін ғылыми жетекші Карлығаш Ақпаеваға алғысымызды білдіреміз!

Бұл жетістік — Астана медицина университеті халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мамандар даярлап жатқандығының тағы бір дәлелі.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика