2025 жылғы 25 сәуірде сағат 10:00-де «Астана медицина университеті» КеАҚ базасында «Қазіргі кезеңде азаматтық жоғары оқу орындарында әскери даярлықты жетілдіру: даму тарихы мен болашағы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Іс-шараны университеттің әскери кафедрасы ұйымдастырады.
Конференция Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен әскери кафедраның 60 жылдық мерейтойына орай өткізіледі. Оған Қазақстан, Ресей, Беларусь және Қырғызстан мамандары қатысады.
Талқылаудың негізгі тақырыптары:
· Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әскери-медициналық қызметтің тарихы мен үлесі,
· әскери-медициналық кадрларды даярлаудың заманауи үлгілері,
· әскери медицина саласындағы халықаралық тәжірибе.
Конференция гибридті форматта өтеді:
· салтанатты бөлім – офлайн,
· ғылыми сессия және баяндамалар – онлайн.
Іс-шара бағдарламасында:
· Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі, ардагерлер және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Ресми ашылу;
· әскери және медициналық даярлық саласындағы оқытушылар мен мамандардың ғылыми баяндамалары;
· түлектерді «Достық» және «МУА – 60 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапаттау рәсімі;
· еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт.
Қатысушылар арасында медициналық қызмет офицерлері, студенттер мен әскери кафедралардың түлектері бар.
Конференцияға қатысу тегін.
Қорытындысы бойынша ғылыми материалдар жинағы жарияланады.
Әскери медицина, патриоттық тәрбие және еліміздің қорғаныс жүйесі үшін кадрлар даярлау мәселесіне бейжай қарамайтын барлық азаматтарды конференцияға қатысуға шақырамыз.