Астана медицина университетінің студенттері микробиология пәні бойынша халықаралық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды

Астана медицина университетінің студенттері микробиология пәні бойынша халықаралық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды

Астана медицина университетінің студенттері микробиология пәні бойынша халықаралық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды

2025 жылғы 18 сәуірде Алматы қаласындағы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің базасында «Микробиология, вирусология және паразитология» пәні бойынша Халықаралық студенттік олимпиада өтті. Іс-шараға өңірдегі жетекші медициналық жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Астана медицина университетінен олимпиадаға үш команда қатысты — ағылшын, қазақ және орыс тілдеріндегі білім беру бағыттары бойынша. Студенттерді Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасының оқытушылары Ботбаева Мадина Турлыбековна, Асемова Гулжан Данкибековна және Дуйсебекова Гульбану Пралыевна. Олимпиада нәтижелері:


·         1-орын — «ARTISANS» командасы (ағылшын тіліндегі бағыт)

Жетекшісі: Асемова Гулжан Данкибековна

Қатысушылар: Ақзия Насурылла, Диана Равильқызы, Алия Қосай

 

·         2-орын — «АРМАДА» командасы (қазақ тіліндегі бағыт)

Жетекшісі: Дуйсебекова Гульбану Пралыевна

Қатысушылар: Бекарыс Жұмаділла, Жанерке Айтжан, Аружан Құрақова

 

·         3-орын — «INFECTA» командасы (орыс тіліндегі бағыт)

Жетекшісі: Ботбаева Мадина Турлыбековна


Қатысушылар: Расул Джанабай, Дильназ Султанбекова, Асем Абдрахманова

 

Олимпиада екі кезеңнен тұрды: теориялық тестілеу және клиникалық жағдаяттарға негізделген практикалық тапсырмалар. Барлық қатысушылар мен олардың ғылыми жетекшілері дипломдармен, алғыс хаттармен және сертификаттармен марапатталды.

Бұл жетістік Астана медицина университеті студенттерінің жоғары дайындық деңгейін және халықаралық стандарттарға бағытталған білім беру үдерісінің тиімділігін айқындады.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика