Вакцинация – медицинаның ең ірі жетістіктерінің бірі. Дәл осы тақырыпқа 2025 жылдың 28 сәуірінде Астана медицина университетінің қабырғасында өткен дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Еуропалық иммундау апталығының бір бөлігі болды және ДДҰ ұранымен өтті: «Барлығы үшін иммундау - адам күшінде!».
«МУА медициналық орталығы» ЖШС директоры Гүлнара Алпысбекова құттықтау сөз сөйлеп, Ашық пікірталасқа шақырды. Ол вакциналар туралы ақпарат тек медицина мамандары ғана емес, бүкіл қоғам үшін де қолжетімді әрі түсінікті болуы тиіс екенін атап өтті:
«Вакцина тек инъекция емес. Бұл – қорғау, сенім және ұлттың жалпы денсаулығына қосқан үлесі».
Іс-шараны нефрология, гематология, аллергология және иммунология курстары бар ішкі аурулар кафедрасы, сондай-ақ жұқпалы аурулар және клиникалық эпидемиология кафедрасы ұйымдастырды.
Дөңгелек үстел бағдарламасында:
· Оқытушылар Жадра Салимжанова, Айжан Шаймерденова, Назым Мухашева, Гүлмира Мухажанова, Даулет Байбосынов, Гүлдана Байгулова және Раушан Байгенжееваның мазмұнды әрі ғылыми тұрғыда негізделген баяндамалары;
· Студенттер арасында социологиялық сауалнаманың тұсаукесері;
· Қатысушылардың тек білімін ғана емес, назарын да бағалауға мүмкіндік берген интерактивті викторина.
Университеттің оқытушылары, дәрігерлері, резиденттері, жас ғалымдары және студенттері іс-шараның белсенді тыңдаушылары мен қатысушылары болды. Кафедралардың кураторлық топтары ерекше белсенділік танытты. Олар үшін вакцинация тақырыбы тек академиялық қана емес, өмірлік маңызды мәселе ретінде қарастырылды.
Дөңгелек үстел профилактика мәдениетін нығайтуға, екпелерге саналы көзқарасты қалыптастыруға және болашақ медицина қызметкерлері арасында ғылыми диалогты дамытуға тағы бір қадам болды.
Вакцина – денсаулық қалқаны. Біз оны берік ұстауымыз керек.