Профессор Александр Пампурамен аллергология және иммунология бойынша дәрістер мен мастер-класстар циклі
Профессор Александр Пампурамен аллергология және иммунология бойынша дәрістер мен мастер-класстар циклі

А.Н. Пампура — Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Н.И. Пирогов атындағы РНИМУ академик Ю.Е. Вельтищев атындағы Педиатрия ғылыми-зерттеу клиникалық институтының аллергология және клиникалық иммунология бөлімінің меңгерушісі, Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Г.Н. Сперанский атындағы педиатрия және амбулаториялық педиатрия кафедрасының профессоры, Мәскеу қаласының Морозов атындағы балалар клиникалық ауруханасы педиатриялық соматикалық бөлімшесінің ғылыми жетекшісі, Ресей аллергологтар және клиникалық иммунологтар қауымдастығы президиумының мүшесі, диссертациялық кеңестердің мүшесі.
International Network Medical Universities for Molecular Allergology and Immunology (INUNIMAI) лекторы, «Анафилаксия молекулалары», «Бронхтық астма молекулалары», «Экзема/атопиялық дерматит молекулалары» онлайн курстарының жетекшісі және әзірлеушісі. РАН сарапшылар корпусының мүшесі, 2020–2021 жж. клиникалық ұсынымдарының авторы: «Анафилактикалық шок және анафилаксия», «Тұқым қуалайтын ангиоэдема», «Аллергиялық ринит», «Атопиялық дерматит», «Контактты дерматит». 300-ден астам ғылыми жарияланымның, 2 монографияның, 2 патенттің авторы, 9 кандидаттық диссертацияның ғылыми жетекшісі. Хирш индексі (РИНЦ) — 17, (Scopus) — 10.
Дәрістер мен мастер-класстар тақырыптары: аллергиялық ауруларды диагностикалау және патогенезі, тағамдық аллергия, анафилаксия, молекулалық аллергология, атопиялық дерматит, есекжем, тұқым қуалайтын ангиоэдема, аллергиялық аурулардың алдын алу және бастапқы иммун тапшылықтары.
Қатысушылар: студенттер, профессор-оқытушылар құрамы, университет қызметкерлері.
Тіркелу міндетті!
2025 жылғы 8 мамырға дейін тіркеу формасын толтырыңыз.
Тіркеу сілтемесі:
https://forms.gle/7GU1dMva7hb4r86i6