2025 жылғы 15-16 мамырда Астана қаласында Қазақстан дерматовенерологтар және дерматокосметологтар қауымдастығы мен «Астана медицина университеті» КеАҚ дерматовенерология және дерматокосметология кафедрасының бастамасымен ІХ Еуразиялық дерматология, косметология және эстетикалық медицина конгресі өтеді.
Өтетін орны: Назарбаев Университеті, Тұран даңғылы 64.
Өткізу уақыты: 15 мамыр – 08.00-18.00, 16 мамыр – 09.00-16.00
Конгресстің ғылыми бағдарламасы дерматовенерология мен эстетикалық медицинаның негізгі бағыттарын қамтиды:
1. Қазақстан Республикасында дерматовенерологиялық және дерматокосметологиялық қызметті жетілдіру.
2. Эпидемиологияның, клиниканың, терінің және оның Қосымшаларының мультифакторлық және жұқпалы ауруларының терапиясының қазіргі аспектілері.
3. Дерматоонкология, тері және оның қосымшалары ауруларының патоморфологиясы, тері ісіктерінің шағын хирургиясы.
4. Тері және оның қосымшалары ауруларын диагностикалаудың инвазивті емес әдістері.
5. Трихология және трихоскопия.
6. Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың зертханалық диагностикасы және терапиясы.
7. Дерматокосметология және эстетикалық медицина.
Конгресс жұмысына әлемнің 15 елінен (АҚШ, Италия, Латвия, Польша, Германия, Ұлыбритания, БАӘ, Тунис, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Украина, Грузия, Әзербайжан) 70 спикердің қатысуы жоспарлануда. Спикерлер қатарында – ұлттық дерматовенерологтар және дерматокосметологтар қоғамдары мен қауымдастықтарының президенттері, штаттан тыс бас мамандар, халықаралық қауымдастықтардың құрметті мүшелері, бірегей диагностикалық және емдеу әдістемелерінің авторлары бар.
Делегаттар ретінде Қазақстанның барлық өңірлерінен және Орталық Азия елдерінен келген дәрігерлерді, сондай-ақ басқа да мамандық өкілдерін – жалпы практика дәрігерлерін, педиатрларды, стоматологтарды, онкологтарды, инфекционистерді және басқаларды қоса алғанда, 500-ден астам маманның қатысуы жоспарлануда.
Еуразиялық конгресс аясында теріде кездесетін қатерлі және қатерсіз түзілістерді инвазивті емес, жанаспай анықтауға мүмкіндік беретін заманауи әдіске арналған Қазақстанның IV Дерматоскопия форумы ұйымдастырылады. Биылғы форум Халықаралық дерматоскопия қоғамының қолдауымен өтеді.
Конгресстің ғылыми бағдарламасы Дерматовенерология саласындағы жетекші мамандардың қатысуымен сателлиттік симпозиумдармен безендіріледі:
1. Псориатикалық ауруды емдеудің жаңа мақсаттары: теріні тазартудан ағымды өзгертуге дейін.
2. Буллезді эпидермолизбен ауыратын науқастарды емдеудің емдік мүмкіндіктері. Жара ақауларын басқару өнері.
Сондай-ақ Конгресс күндері мастер-класстар мен оқыту семинарлары өткізіледі:
1. Конгресс алдындағы іс-шара – «Дерматоскопия» доктор Раймондс Карлстың (Латвия) жетекшілігімен. Ол Латвия дерматоскопия қоғамының және «Тері обырына қарсы дерматологтар» қоғамының басқарма төрағасы, Халықаралық дерматоскопия қоғамының басқарма мүшесі, EADV Кеңесінің өкілі, AAD (АҚШ дерматология академиясы), EADO (Еуропалық дерматология академиясы) мүшесі.
2. Дерматохирургия бойынша мастер-класс профессор Нелли Конниковтың (АҚШ) жетекшілігімен. Ол Халықаралық дерматологтар қоғамының президенті, Бостон медицина орталығының дерматология бөлімінің меңгерушісі, теледерматология директоры, дерматология профессоры.
3. «Қышыну және ауырсыну» тақырыбындағы мастер-класс профессор Яцек Шепитовскидің (Польша) жетекшілігімен. Ол Польша дерматологиялық қоғамының құрметті президенті, ғылым докторы, профессор.
4. «Гидраденит суппуратива» тақырыбындағы мастер-класс профессор Яцек Шепитовски – Польша дерматологиялық қоғамының құрметті президенті, ғылым докторы, профессор.
5. «Безеуді хирургиялық жолмен емдеу» тақырыбындағы мастер-класс профессор Фирас Аль-Ниаймидің (Ұлыбритания) – ғылым магистрі, Ұлыбритания Корольдік дәрігерлер колледжінің мүшесі, Еуропалық дерматовенерология кеңесінің диплом иегері.
6. Ботулинотерапия бойынша мастер-класс профессор Аллесио Радаэллидің (Италия) – қан тамырлары хирургиясы, флебология және эстетикалық медицина саласындағы танымал сарапшы, Еуропадағы эстетикалық медицинаның негізін қалаушылардың бірі, Medical Aesthetic негізін қалаушысы және IPAM Congress ғылыми директоры, Ipsen компаниясының сертификатталған тренері, Милан эстетикалық мектебі Агора және Халықаралық практикалық медицина академиялық мектебінің профессоры.
Конгресс аясында 15 мамыр күні сағат 10.00-де меморандумға қол қою жоспарлануда.
БАҚ өкілдерін аталған іс-шараға қатысуға шақырамыз.
Аккредитациядан өту үшін 14 мамыр күні сағат 15.00-ге мерзімге дейін келесі мәліметтерді көрсету арқылы ақпарат жолдау қажет: БАҚ атауы, журналист пен оператордың деректері, сондай-ақ пайдаланылатын техникалық жабдықтар туралы мәлімет. Байланыс нөмірі: 8 771 123 67 77 – Нұргүл Қадесова, Астана медицина университетінің Баспасөз қызметінің басшысы.