Астана медицина университеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ұлттық сараптама орталығымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Құжат білім беру, ғылым және практикалық дайындық саласындағы әріптестікті дамытуға бағытталған. Меморандум аясында бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды жүзеге асыру, студенттердің ҰСО базасында практикадан өтуі, сондай-ақ семинарлар, конференциялар мен тренингтер сияқты бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру қарастырылған.
Ынтымақтастық ғылым, білім және практикалық денсаулық сақтау интеграциясын нығайтуға, сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласында сұранысқа ие мамандарды даярлауға ықпал ететін болады.