«Астана медицина университеті» КеАҚ Стоматология мектебі дәстүрлі Жазғы мектеп – 2025-ке тіркеудің басталғанын хабарлайды!
Өткізу мерзімі: 2025 жылғы 2–13 маусым аралығы, онлайн форматта ZOOM платформасы (немесе баламасы) арқылы өтеді. Оқыту тілі – орыс тілі.
Сіздер үшін қазіргі заманғы стоматологияның түрлі бағыттарын қамтитын қызықты және инновациялық бағдарлама дайындалды: балалар стоматологиясы, ортопедиялық стоматология және ортодонтия.
Жазғы мектеп аясында келесі дәрістер ұсынылады:
• Мотивациялық дәріс: «Сау тістер – бүкіл ағзаның саулығының кепілі»
• «Балалардағы жақ-бет аймағы патологиялары және оларды жою жолдары»
• «Тістерді жастайынан сақтаңыз»
• «Сау және әдемі күлкі жолында»
• «Шекарасыз күлкі»
Тіркеу ашық!
Кәсіби құзыреттеріңізді арттыруға, нақты клиникалық тәжірибе алуға және жазғы уақытты тиімді өткізуге керемет мүмкіндік бар екенін жіберіп алмаңыз!
Тіркелу сілтемесі: https://forms.office.com/r/nZMTvmKBxL
Жазғы мектеп – пайдалы білім, сенімді тәжірибе!
Стоматология әлеміне қызықты саяхатқа аттануға мүмкіндік жіберіп алмаңыз! Келіңіз, бірге стоматолог мамандығы ұсынатын заманауи білімге, технологияларға және мүмкіндіктерге толы әлемнің есігін ашайық!