Стоматология мектебінің білім алушылары халықаралық олимпиаданың жүлдегерлері атанды
Стоматология мектебінің білім алушылары халықаралық олимпиаданың жүлдегерлері атанды

Олимпиада нәтижелері бойынша АМУ-дың ұйымшыл командасы командалық есепте III орынды иеленді.
Арай Ысқақ «Ортодонтия» номинациясы бойынша Гран-при иегері атанды.
Еркежан Жеңісбек «Ортопедиялық стоматология» номинациясы бойынша I дәрежелі дипломмен марапатталды.
Аружан Әлібаева «Ғылыми жоба» номинациясы бойынша III дәрежелі дипломмен марапатталды.
Команданы дайындауға айтарлықтай үлес қосқан мамандандырылған кафедра меңгерушілері А.М. Еслямгалиева, А.М. Суманова, сондай-ақ Стоматология мектебінің деканы В.Р. Деточкина болды.
Терапиялық және хирургиялық стоматология кафедрасының ассистенті, ғылыми жетекшілердің бірі П.И. Головский іс-шара барысында студенттерге жетекшілік етіп, қолдау білдірді.
Барлық қатысушылар мен ғылыми жетекшілерді жоғары жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта да кәсіби табыстар тілейміз!