Астана медицина университетінің Халықаралық ынтымақтастық орталығы 2025-2026 оқу жылына арналған «Орхун» академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға конкурс жариялайды.
Серіктес университет: Afyonkarahisar Health Sciences University (Түркия)
Оқу мерзімі: күзгі немесе көктемгі семестр
Бағыттар мен орындар саны:
- «Жалпы медицина», 3 курс – 2 орын
- «Стоматология», 3 курс – 2 орын
Бағдарлама шарттары:
• Оқу ақысыз - Екі жаққа бару Астана медицина университетінің есебінен
• Тамақтану және тұру – қабылдаушы университет есебінен
• Қаржыландыру форматы – ішінара
Кім қатыса алады:
• Медицина мектебі мен Стоматология мектебінің 3 курс студенттері
• Қазақстан Республикасының азаматтары
• GPA 3,2-ден (қайта тапсыру үшін – 3,6-дан)
• Академиялық қарыз және тәртіптік жазалары жоқ студенттер
• Ағылшын тілі: B2 деңгейі / IELTS 6.5
• Олимпиадалар мен конференцияларда жүлделі орындарға ие болу құпталады
Қажетті құжаттар (ағылшын тілінде):
1. Түйіндеме (CV)
2. Қолы қойылған уәждеме хат
3. Ұсыныс хат
4. Фотосурет 3х4 – 2 дана.
5. Вакцинация құжатының көшірмесі (ПТР)
6. Шетелдік төлқұжаттың көшірмесі
7. 3 жылдық академиялық транскрипт
8. Ағылшын тілін білу деңгейі туралы сертификат
Өтінім беру мерзімі: 23 мамыр 2025 ж
Өтініш беру орны: 49а корпусы, 208 кабинет
Формат: қағаз және электронды
Конкурстың іріктеу күні: 2025 жылдың 23 мамыры
Ұйымдастырушы: Халықаралық ынтымақтастық орталығы