Астана медицина университетінде әскердің жауынгерлік қабілетін қамтамасыз етудегі әскери медицинаның рөлі талқыланады

2025 жылғы 23 мамырда сағат 10:00-де «Астана медицина университеті» КеАҚ базасында «Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріндегі әскери медицинаның рөлі» тақырыбында Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Іс-шараны ұйымдастырушылар – «Астана медицина университеті» КеАҚ және «Бас әскери клиникалық госпиталь» РМҚК.

Конференцияға Қазақстанның жетекші медициналық мекемелерінің өкілдері, әскери құрылымдар қызметкерлері және медициналық жоғары оқу орындарының студенттері қатысады.

Талқылауға ұсынылатын негізгі тақырыптар:
• әскери медицинаның терапиялық және хирургиялық аспектілері;
• әскери-далалық жағдайда ауруларды диагностикалау және емдеу;
• күрделі клиникалық жағдайларды талдау;
• әскердегі медициналық қамтамасыз етудің тиімділігін арттыруға бағытталған ғылыми зерттеу нәтижелері.

Конференция дәстүрлі форматта өтеді және сұрақ-жауаптан тұратын интерактивті сессиямен сүйемелденеді.

Өтетін орны:
Астана қ., Бейбітшілік к-сі 49а, Астана медицина университетінің акт залы.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика