Астана медицина университеті Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерімен және Ресей Федерациясының Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдерімен Астанада өткен дерматология, косметология және эстетикалық медицина бойынша IX Еуразиялық конгресс аясында стратегиялық әріптестік туралы төрт келісімге қол қойды.
Қол қойылған меморандумдар – халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың, мамандар даярлау мен біліктілікті арттыру жүйесін дамытуға, оқытушылар мен студенттер арасында тәжірибе алмасуға жол ашатын маңызды оқиға болып табылады. Келісімдер аясында бірлескен кәсіби тағылымдамалар, ғылыми жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру жоспарланған.
Жыл сайын өткізілетін бұл конгресс дәстүрлі түрде кәсіби диалог алаңы болып табылады. Биылғы шараға алыс және жақын шетелден АҚШ, Италия, Латвия, Польша, Германия, Ұлыбритания, БАӘ, Тунис, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Украина, Грузия және Әзербайжан сияқты 15 елден келген жетекші мамандар қатысты. Спикерлер қатарында ұлттық дерматовенерологтар және дерматокосметологтар қоғамдары мен қауымдастықтарының президенттері, бас штаттан тыс мамандар және халықаралық ұйымдардың құрметті мүшелері болды. Олардың көпшілігі тері ауруларын диагностикалау мен емдеудің бірегей әдістемелерінің авторлары.
Ғылыми бөліммен қатар, екі күн бойы қатысушылар дерматовенерология саласындағы жетекші шетелдік мамандардан шеберлік сабақтары арқылы практикалық білім алды.
Еуразиялық дерматологтар конгресі: Астана медицина университеті 4 жаңа меморандумға қол қойды
Еуразиялық дерматологтар конгресі: Астана медицина университеті 4 жаңа меморандумға қол қойды
