II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ «ПЕДИАТРИЯЛЫҚ БАҒЫТТАР – 2025»

II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ «ПЕДИАТРИЯЛЫҚ БАҒЫТТАР – 2025»

II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ «ПЕДИАТРИЯЛЫҚ БАҒЫТТАР – 2025»
Елордада «Педиатриялық бағыттар – 2025» атты II Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция Қазақстанның түрлі өңірлерінен және жақын шетелден педиатрия саласындағы жетекші сарапшыларды, оқытушыларды, тәжірибелі дәрігерлер мен жас ғалымдарды біріктірді.

Дәстүрлі форматта 200-ге жуық маман қатысты. Іс-шараның онлайн-трансляциясы 2075 қатысушыны біріктіріп, педиатрия тақырыбының өзектілігі мен кәсіби пікірталас алаңы ретіндегі маңыздылығын көрсетті.

Конференция барысында балалар жасындағы ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу мәселелері, сондай-ақ педиатрияда кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру жолдары талқыланды. Саладағы кадр мәселесіне ерекше назар аударылды: 2025 жылы Астана медицина университетінде алғаш рет балалар дәрігерлерін даярлауға бағытталған 15 педиатриялық мамандық бойынша резидентура іске қосылады. 2025 жылы алғаш рет педиатрия мамандығы бойынша түлектер оқуын аяқтайды деп күтілуде, сондай-ақ осы бағытта интернатура ашу жоспарланған. Бұл шаралар саладағы кадр тапшылығын жоюға мүмкіндік береді.

Конференция соңында жас ғалымдар байқауының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздарға марапаттар табысталды.
Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика