«Астана медицина университеті» КеАҚ Қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент мектебі жыл сайынғы Жазғы мектепке тіркеудің басталғанын хабарлайды.
Қашан: мамыр – маусым
Қайда:
- Қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент – Сарыарқа, 33, 720 аудитория
- Санитарлық-гигиеналық зертхана, Е.Д. Дәленов атындағы Профилактикалық медицина ҒЗИ – Бейбітшілік, 49а, 51-ғимарат, 311 аудитория
Жазғы мектеп – бұл:
- Жазғы семестр аясындағы қосымша білім
- Білімді тереңдетіп, практикалық дағдыларды жетілдіру мүмкіндігі
- Қоғамдық денсаулық сақтау мен басқару саласындағы өзекті мәселелермен танысу
- Тәжірибелі оқытушылардың қатысуымен өтетін практикаға бағытталған оқу
Жазғы мектеп бағдарламалары:
- «Стратегиялық менеджмент»
- «Экономика негіздері»
- «Салауатты тамақтану мектебі»
Тіркеу ашық!
Кәсіби құзыреттеріңді арттырып, жазды пайдалы өткізгің келсе – мүмкіндікті жіберіп алма!
Жазғы мектеп – тиімді оқы, сенімді тәжірибе жаса.
Тіркеу сілтемесі: https://transfer.amu.kz/