САНТОШ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ (ДЕЛИ, ҮНДІСТАН) ӨТЕТІН ЖАЗҒЫ ТАҒЫЛЫМДАМА

САНТОШ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ (ДЕЛИ, ҮНДІСТАН) ӨТЕТІН ЖАЗҒЫ ТАҒЫЛЫМДАМА

САНТОШ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ (ДЕЛИ, ҮНДІСТАН) ӨТЕТІН ЖАЗҒЫ ТАҒЫЛЫМДАМА

«Астана медицина университеті» КеАҚ 2025 жылғы маусым айында Үндістанның Делидегі Сантош университетінде өтетін жазғы халықаралық тағылымдамаға тіркеудің ашылғанын хабарлайды.

Бағдарлама келесі білім беру бағдарламаларының резиденттеріне арналған:

·         Жалпы хирургия

·         Анестезиология және реаниматология

·         Акушерия және гинекология

 

Форматы және қатысу шарттары:

·         Өткізу мерзімі: 2025 жылғы маусым айында 2 апта

·         Өтетін орны: Сантош университеті, Дели, Үндістан

·         Қатысушылар саны:

o    Жалпы хирургия – 2 орын

o    Анестезиология – 1 орын

o    Акушерия және гинекология – 2 орын

·         Тағылымдаманы аяқтаған соң қатысушыларға ресми сертификат табысталады

 

Қаржылық шарттары:

Толық пакет – ~1220 USD, оның ішінде:

·         Тұру

·         Күніне үш реттік тамақтану

·         Қадағалау

·         Виза

·         Экскурсиялық бағдарлама

Жол жүру билеттерінің құнын «Астана медицина университеті» КеАҚ өтейді.

 

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

·         Ағылшын тілін B2 деңгейінен төмен емес (сертификат міндетті)

·         GPA – 3,2 және одан жоғары (қайталап қатысушылар үшін – кемінде 3,6)

·         Жеке төлқұжат

·         Фото (3×4 см)

Бағдарлама тек Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 26–30 мамыр

 

Халықаралық ынтымақтастық орталығы

Мекенжайы: Бейбітшілік көшесі, 49А, Бас корпус, 405-кабинет

Кеңес беру және құжат қабылдау уақыты: 16:00–17:00

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика