Енді талапкерлер мен олардың ата-аналары барлық қажетті ақпаратты арнайы ақпараттық көмекші арқылы ала алады. Жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін бұл сервис қабылдау ережелері, құжаттарды тапсыру мерзімдері, гранттар және білім беру бағдарламалары туралы ең жиі қойылатын сұрақтарға жауап береді.
QR-кодты сканерлеңіз және барлық өзекті ақпаратқа онлайн режимінде жедел қол жеткізіңіз.