Астана медицина университеті медицина қызметкерлері күні қарсаңында журналистер үшін АМУ бастамасымен Астанада өмірді сақтайтын: «STOP жүктілік асқынуларына әдістемені үйретуде» атты баспасөз турын ұйымдастырады.
Баспасөз туры аясында:
Молекулалық-генетикалық зертхананың директоры, полимикробтық инфекциялар және биопленкалар (Берлин, Германия) саласындағы жетекші сарапшы, профессор Александр Владимирович Свидзинскиймен танысу. Профессор университет студенттері мен акушер-гинеколог дәрігерлеріне арналған дәрістер циклін өткізуде (https://amu.edu.kz/ru/infocenter/news/15161/). Сондай-ақ, жүктіліктің ерте кезеңдерінде асқыну қаупін дәл диагностикалауға және гинекологиялық ауруларды тиімді емдеуге мүмкіндік беретін инновациялық бірегей RigiNam әдісі туралы әңгімелейді. Қазақстанда осы әдісті енгізу клиникалық тәжірибені жетілдіруге ықпал ететін болады.
«Біз RigiNam әдісін Қазақстандағы репродуктивті медицинаны жаңғыртудың маңызды бөлігі ретінде қарастырамыз. Бұл тек технология емес – бұл әйелдердің денсаулығына жеке көзқарас қалыптастыратын тұтас философия», – дейді профессор Свидзинский.
Профессор микроскоп арқылы зерттеу бойынша шеберлік сабағын көрсетеді.
Эмбриология зертханасының демонстрациясы – бұл Орта Азиядағы ең ірі зертхана. Зертхана заманауи жоғары технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Негізгі артықшылығы – үздік эмбрионды таңдау үшін жасанды интеллекті толықтырылған бейнелеу (time lapse) жүйесімен жабдықталған инкубаторлардың болуы.
Астана медицина университеті №1 акушерлік және гинекология кафедрасының меңгерушісі Мырзабекова А.Ж. қатысуымен шолу экскурсиясы.
Өткізу күні мен уақыты: 2025 жылғы 11 маусым, сағат 14.00.
Өтетін орны: Мәңгілік Ел, 63Б.
Қатысатыныңызды хабарлау: WhatsApp нөмірі: 8 777 643 24 52.