2025 жылғы 26–28 маусым аралығында Астана қаласында Қазақстан радиологтар қоғамының XI Еуразиялық радиология конгресі өтеді.
Іс-шараға радиология саласындағы алыс және жақын шет елдердің 40 елінен келген ғалымдар, Қазақстанның өңірлерінен келген сәулелік диагностика мамандары, медициналық жоғары оқу орындарының сәулелік диагностика және сәулелік терапия кафедраларының меңгерушілері, ғылыми орталықтардың сәулелік диагностика бөлімшелерінің басшылары қатысады.
Форум жұмысына бірқатар ірі халықаралық ұйымдар қосылады: Еуропалық радиологтар мектебі, Азия-Тынық мұхиты радиологтар мектебі, Азия-Тынық мұхиты радиологтар қоғамы, Ресей радиологтар қоғамы, Корея және Тайвань радиологтар қоғамдары, МАГАТЭ, Жапония радиология қоғамы, Халықаралық рентген зертханашылары мен рентген технологтар қоғамы, Медицинадағы қазақстандық УДЗ мамандарының қауымдастығы, Беларусь радиологтар қоғамы.
XI Еуразиялық радиология конгресінің ұйымдастырушылары:
· ҚР Денсаулық сақтау министрлігі,
· Академик Ж.Х. Хамзабаев атындағы Радиология ғылыми-зерттеу институты,
· «Астана медицина университеті» КеАҚ,
· «University Medical Center» корпоративтік қоры,
· «Қазақстан радиологтар қоғамы» РҚБ.
Өтетін күні мен орны:
26 және 28 маусым – «Wyndham Garden Astana» конференц-залы, Хусейн бен Талал көшесі.
27 маусым – «University Medical Center» КҚ, Диагностикалық орталық, Сығанақ көшесі, 46-үй.
Іс-шараның басталуы:
2025 жылғы 26 маусым, сағат 09:00, Wyndham Garden Astana қонақ үйінің Garden Hall конференц-залында.
Қосымша ақпарат және аккредитация үшін:
Дәутов Таирхан Бекполатұлы – «Қазақстан радиологтар қоғамы» РҚБ вице-президенті
Тел.: +7 (7172) 79 74 04, ұялы: +7 707 771 3367
E-mail: tairkhan.dautov@gmail.com
Веб-сайт: http://www.rskaz.org
Мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Сығанақ көшесі, 46-үй.