«Астана Медицина университеті» КеАҚ кафедра меңгерушілерінің бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
Дене шынықтыру және спорт кафедрасы
Эпидемиология және биостатистика кафедрасы
Анестезиология, қарқынды терапия және жедел шұғыл көмек кафедрасы
Сот медицинасы және құқық кафедрасы
№ 2 ішкі аурулар кафедрасы
№ 1 хирургиялық аурулар кафедрасы
№ 1 балалар аурулары кафедрасы
Психиатрия және наркология кафедрасы
Жұқпалы аурулар және фтизиатрия кафедрасы.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 20 маусым – 27 маусым
Құжаттар:
Электрондық пошта арқылы: rezume@amu.kz
Мына мекенжай бойынша: Астана қ., Абай даңғылы 47, 6 қабат, 622 кабинеті (жұмыс күндері сағат 8:30-дан 17:30-ға дейінгі уақыт)
Қажетті құжаттар:
белгіленген нысан бойынша өтініш (сілтеме: https://amu.edu.kz/ru/infocenter/vakansii/);
- жеке парақ;
- өмірбаян;
- жоғары білім, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы оларға қосымшаларымен бірге құжат;
- медициналық анықтама 075/е;
- кафедраның дамуы туралы презентация (көлемі 10 слайдтан аспайтын);
- адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер, соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;
- түйіндеме;
- қалауы бойынша басқа да құжаттар.
Конкурстың өтетін күні мен орны қосымша хабарланады.
Бос орындар туралы толық ақпарат университеттің ресми сайтындағы «Бос орындар» бөлімінде орналастырылған.