Астана – диалог қаласы: Қоғамдық денсаулық сақтауда биоқауіпсіздік пен инновациялар жөніндегі форум өтті

Астана – диалог қаласы: Қоғамдық денсаулық сақтауда биоқауіпсіздік пен инновациялар жөніндегі форум өтті

Астана – диалог қаласы: Қоғамдық денсаулық сақтауда биоқауіпсіздік пен инновациялар жөніндегі форум өтті

«Қытай – Орталық Азия – 2025» саммиті қарсаңында Астанада қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы биоқауіпсіздік пен инновациялар Форумы өтті.

Бұл маңызды шараның ұйымдастырушысы – Шэньчжэнь қаласындағы Сун-Ятсен университеті, Гуандун – ТМД халықаралық альянсымен бірлесе отырып. Форумға Қазақстан, Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан елдерінің мемлекеттік органдары, жетекші медициналық университеттері мен ғылыми мекемелерінің өкілдері қатысты. Республикада Медицина қызметкерлері күні мерекеленіп тұрған күні өтуі символдық мәнге ие болды.

Форум барысында биоқауіпсіздік пен денсаулық сақтау саласындағы жаһандық сын-қатерлер талқыланып, үздік тәжірибе алмасылып, «Бір белдеу – бір жол» тұжырымдамасы аясында өзара ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері қаралды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық ғылымдар және инновациялық технологиялар басқармасының басшысы Алихан Жаксылык форум қатысушыларын құттықтап, кейінгі баяндамаларға күшті серпін беретін сөз сөйледі.

Сун-Ятсен университетінің серіктес ұйым ретіндегі құттықтау сөзін Астана медицина университетінің проректоры Зарина Шульгау жеткізді. Ол бұл платформа денсаулық сақтау, биоқауіпсіздік және медициналық инновациялар саласында ынтымақтастықты дамыту үшін маңызды екенін атап өтті.

«Эпидемиология мен биоқорғаныс саласындағы заманауи сын-қатерлер тек қана ұлттық шешімдерді емес, сондай-ақ мемлекетаралық үйлестіруді талап етеді. Қазақстан Орталық Азия мен Қытай арасындағы биоқауіпсіздік және қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерінде көпір болуға дайын. Бүгін, Астанада біз Евразияда медициналық қауіпсіздіктің жаңа архитектурасын қалыптастыру мүмкіндігін қолға алудамыз», – деді проректор.

Форум серіктесінің атынан Сун-Ятсен университетінің деканы Цянь Цзюнь сөз сөйледі. Ол университет инфекциялық аурулар профилактикасы мен бақылауда жетекші жоғары оқу орны екенін атап өтті:

«Соңғы бір жарым жылда Қазақстанмен ынтымақтастық бізге көп нәтижелер сыйлады. Биыл университетімізде қоғамдық денсаулық сақтау бойынша бірлескен зертхананы ашу туралы шешім қабылданды. Осындай зертхана Астана медицина университетінде де іске қосылатын болады. Біз биоқауіпсіздік, кадр даярлау және бірлескен жобалар бойынша ғылыми және академиялық алмасу тәжірибесін күшейтуге дайынбыз», – деді Цянь Цзюнь.

Форумда айтылған бастамалар «Қытай – Орталық Азия» ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған жаңа идеяларды тұжырымдады. Одан әрі – Орталық Азия елдері мен Қытайдың қоғамдық денсаулық сақтау және биоқауіпсіздік саласындағы бастамасы жарияланды. Бұл бастама бес мемлекеттің тәжірибесі мен даналығын біріктіріп, жаһандық денсаулық басқаруда тың серпін береді. Денсаулық – шекара билемейді, ынтымақтастық – биоқауіпсіздік мәселелерін шешудің жалғыз жолы.

Форум қорытындысы бойынша қатысушылар арасында фотосессия өтті, сондай-ақ бейресми пікір алмасу ұйымдастырылып, шарада қолға алынатын бастамаларды әрі қарай жүзеге асырудың бастамасы қаланды.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика