Стоматология, мейіргер ісі, педиатрия, жалпы медицина, фармация, қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент білім беру бағдарламалары бойынша бакалавриат студенттері үшін байқау жарияланады!
2024–2025 оқу жылына арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Самарқанд мемлекеттік медицина университетінде жазғы мектептен өтуге конкурс жарияланады:
1. Самарқанд мемлекеттік медицина университеті, (Самарқанд қ.) – 3 орын
Жазғы мектептің мерзімі: 2025 ж. 11 тамыз – 15 тамыз (жол жүру уақыты есепке алынбайды)
Қатысу шарттары:
Ішінара қаржыландыру (екі жаққа әуе билеттері университет есебінен, тағам – білім алушы есебінен, оқу және тұру – тегін)
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 ж. 24 маусым – 27 маусым
Конкурсқа қатысу талаптары:
1. Академиялық қарыздарының болмауы
2. Тәртіптік жазалардың болмауы
3. GPA – 2.6-дан бастап (қайта өтінім берушілер үшін – 3.6-дан бастап)
4. Халықаралық және республикалық олимпиадалар/конференцияларда жүлделі орындардың болуы (қалаулы)
Қажетті құжаттар тізімі:
1. CV / түйіндеме
2. Motivation letter / мотивациялық хат
3. Recommendation letter / ұсыным хат
4. 3×4 фото
5. Паспорт көшірмесі
6. Транскрипт (академиялық үлгерім)
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІШТЕР
Халықаралық ынтымақтастық бөліменде қабылданады
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 ж. 24 маусым – 27 маусым
Ұйымдастырушы: Халықаралық ынтымақтастық орталығы
Бейбітшілік көшесі, 49А, Бас корпус, 405 кабинет
Құжаттарды қабылдау және кеңес беру уақыты: 16:00–17:00
Конкурс өткізу күні қосымша хабарланады