2025 жылғы 25 маусымда медициналық білім мен ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастық аясында Еуропалық радиологтар мектебінің (ESOR) профессорлар визитинг бағдарламасы аясында «Абдоминалды радиология» тақырыбында іс-шара өтеді.
Еуропалық радиологтар мектебі аясында Еуропаның жетекші радиология ғалымдары дәріс оқиды:
· Л. Марти-Бонмати (Валенсия, Испания),
· К. Ступис (Берн, Швейцария),
· С. Гурцоиянни (Афина, Грекия).
Қатысушыларға келесі тақырыптар бойынша баяндамалар ұсынылады:
· Бауырдың созылмалы ауруларын инвазивті емес диагностикалау,
· Ұйқыбез және тік ішек обырын анықтау мен сатыландыру,
· Ішектің қабыну ауруларындағы визуализацияның рөлі,
· Гепатоцеллюлярлық карциноманы диагностикалау,
· Ұйқыбездің жалған ісіктері.
Өтетін күні мен уақыты: 2025 жылғы 25 маусым, сағат 12:00
Өтетін орны:
Конференц-зал, 3-қабат
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы
UMC корпоративтік қоры, Тұран даңғылы, 32, Астана қ., Қазақстан
Іс-шара ұйымдастырушысы: «Қазақстан радиологтар қоғамы» РҚБ
Қосымша ақпарат пен аккредитация мәселелері бойынша:
Даутов Таирхан Бекполатұлы – Қазақстан радиологтар қоғамының Вице-президенті
Тел.: +7 (7172) 79 74 04, Ұялы тел.: +7 707 771 33 67