Астана медицина унивеситетінің 9 білім беру бағдарламасы АРТА агенттігінде халықаралық аккредиттеуден сәтті өтті

Астана медицина унивеситетінің 9 білім беру бағдарламасы АРТА агенттігінде халықаралық аккредиттеуден сәтті өтті

Астана медицина унивеситетінің 9 білім беру бағдарламасы  АРТА агенттігінде халықаралық аккредиттеуден сәтті өтті

Астана медицина университетінің 9 білім беру бағдарламасы АРТА агенттігінде («Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі») халықаралық аккредиттеу рәсімінен сәтті өтті.

Сараптамалық бағалау қорытындысы бойынша Мейіргер ісі, Фармация, Қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент мектептері мен магистратура және докторантура бөлімі іске асыратын бағдарламалар 5 жыл мерзімге аккредиттеуден өтті. Бұл біздің университет ұсынатын білім беру қызметтерінің жоғары сапасын және оның қатаң халықаралық стандарттарға сәйкестігін көрсетеді.

Аккредитация және сапаны басқару департаменті адалдығы мен кәсібилігі осы маңызды нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берген оқытушыларға, қызметкерлерге және білім алушыларға шын жүректен алғыс білдіреді. АРТА-дан аккредиттеу біздің түлектерімізге кәсіби өсу мен халықаралық деңгейде тану үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

АМУ-нің басшылығы білім беру бағдарламаларымызды жоғары бағалағаны үшін АРТА агенттігіне алғыс білдіреді және университеттің барлық студенттерін, оқытушылары мен қызметкерлерін осы маңызды жетістігімен құттықтайды!

 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика