Әскери ант қабылдау – әскери кафедраны аяқтап жатқан әрбір студенттің өміріндегі маңызды сәт. Ант қабылдаушы азамат ел алдындағы жауапкершілікті ресми түрде өз мойнына алады. Әр студент бұл күнді ерекше толқыныспен және мақтанышпен еске алады. Себебі, бұл рәсім – өмірде бір-ақ рет орын алатын салтанатты оқиға.
Астана медицина университетінің Медицина мектебінің 80 студенті әскери кафедрада офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша 2 жылдық толық курсты сәтті аяқтап, салтанатты жағдайда әскери ант қабылдайды. Іс-шараға ата-аналар мен министрліктерден шақырылған ресми өкілдер қатысады.
Өткізу күні мен уақыты: 28 маусым, сағат 09:00
Өтетін орны: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 35, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш алаңы