Астана медицина университеті резиденттерді даярлауда инновациялық тәсілдерді енгізуде

Астана медицина университеті резиденттерді даярлауда инновациялық тәсілдерді енгізуде

Астана медицина университеті резиденттерді даярлауда инновациялық тәсілдерді енгізуде

Жаңа оқу жылының басталуымен Астана медицина университетінде педиатриялық бағыттар бойынша 10 резиденттік білім беру бағдарламасы іске асырылады. Жаңа бағыттар денсаулық сақтау жүйесінің өзекті қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген және білікті балалар дәрігерлерін даярлауға бағытталған.

Бағдарламалар тізбесіне кіретін мамандықтар:

• анестезиология және реаниматология (балалар);
• гастроэнтерология (балалар);
• нефрология (балалар);
• пульмонология (балалар);
• оториноларингология (балалар);
• аллергология және иммунология (балалар);
• инфекциялық аурулар (балалар);
• неврология (балалар);
• травматология және ортопедия (балалар);
• жақ-бет хирургиясы (балалар).

Астана қаласындағы №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасымен бірлескен жұмыс аясында арнайы симуляциялық орталық ашу жоспарлануда. Бұл орталық резиденттерді практикалық даярлауға арналған негізгі платформаға айналып, әсіресе балалар анестезиологиясы, реанимациясы және педиатриялық тәжірибедегі шұғыл медициналық көмек көрсету салаларында маңызды рөл атқаратын болады.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика