2025 жылғы 23–27 маусым аралығында Астана қаласында педиатриялық радиологиядағы сапа мен қауіпсіздік мәселелеріне арналған өңірлік семинар өтеді.
Семинар XI Еуразиялық радиология конгресі аясында ұйымдастырылады және түрлі елдерден келген мамандарды жинайды. Бағдарламада балаларды диагностикалау сапасын жақсарту, сәулелік жүктемені оңтайландыру, сапаны басқару және радиациялық қауіпсіздік саласындағы кәсіби даярлықты жетілдіру мәселелері қарастырылады.
Семинар аясында қатысушылар баяндамалар тыңдап, тақырыптық сессияларға қатысып, тәжірибе алмасып, педиатриялық радиология саласындағы маңызды мәселелерді талқылайды.