Sun Yat-sen университетінің (Shenzhen campus) Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі ұйымдастырып отырған халықаралық жазғы мектепке «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасының магистранттары қатысуға шақырылады. Жобаға Копенгаген университеті, Медицина университеті және басқа да ғылыми мекемелердің оқытушылары қатысады.
Қатысушылар саны: «Қоғамдық денсаулық сақтау» ОП бойынша 2 магистрант
Өткізілу мерзімі: 2025 жылғы 21 шілде – 11 тамыз (22 күн)
Өтетін орны: Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі, Шэньчжэнь, Қытай
Ұйымдастырушылар: Sun Yat-sen университеті, ҚХР Білім министрлігі және SYSU
кейінгі білім беру бағдарламасының қолдауымен
Бағдарлама тілі: Ағылшын
Қаржыландыру:
Оқу ақысы қабылдаушы тарап есебінен төленеді
Chinese Government Scholarship (CGS) стипендиясына өтініш беру мүмкіндігі
Ұшақ билеттерін қаржыландыру – «Астана Медицина Университеті» КЕАҚ тарапынан
Қалған шығындар (тамақ, тұру, жергілікті көлік, виза алымдары) – қатысушы есебінен
Қатысу талаптары:
- «Қоғамдық денсаулық сақтау» ОП магистранттары
- Қазақстан Республикасының азаматтары
- GPA 3.2 және одан жоғары (қайта өтініш берушілер үшін – кемінде 3.6)
- Академиялық қарызы мен тәртіптік жазасы болмауы
- Ағылшын тілі деңгейі: B2 / IELTS 6.5
- Олимпиадалар мен конференцияларда жүлделі орын алғандар артықшылыққа ие
Қажетті құжаттар (ағылшын тілінде):
1. Резюме (CV)
2. Қол қойылған мотивациялық хат
3. Ұсыныс хаты
4. 3x4 фотосурет – 2 дана
5. Шетелдік паспорт көшірмесі
6. Академиялық транскрипт
7. Ағылшын тілі деңгейі сертификаты
Шығындар:
- Шэньчжэньдегі тұру құны күніне шамамен 22 000 теңге
- Шығындар: тұру + тамақ + жергілікті және халықаралық сапарлар
- CGS стипендиясы (шамамен 290 165,97 теңге) бұл шығындарды ішінара өтейді
Курс мазмұны, кестесі және өтініш беру үдерісі туралы толық ақпарат келесі ресми сайтта қолжетімді:
Өтінім беру мерзімі: 4 шілде 2025 ж
Өтініш беру орны: 49а корпусы, 414 кабинет
Формат: қағаз және электронды (omysheva.m@amu.kz)