Шілде айының алғашқы жексенбісінде атап өтілетін Ұлттық домбыра күні - бұл қазақ халқының рухы мен бірегейлігін айшықтайтын ұлы мәдени мұраның бірі - домбыраға арналған мереке.
Домбыра – жай ғана музыкалық аспап емес. Оның үні ғасырлар бойы қазақ халқымен бірге жасап, ұрпақтан ұрпаққа тарихты, даналықты, сезім мен дәстүрді жеткізіп отырды. Әр күйде – сайын даланың сарыны, бабалардың үні, ұлттың қуаты бар. Бұл – ұлттың рухани коды, өткені мен бүгінін байланыстыратын тірі мұра.
Астана медицина университеті үшін де домбыра – университет өмірінің ажырамас бөлігі. Олимпиадалар, ғылыми конференциялар мен салтанатты іс-шаралар университет қабырғасында дәстүрлі түрде күймен ашылады. Бұл – тек ресми рәсім емес, Қазақстанның ұлттық дәстүрлері мен мәдени байлығына деген терең құрметтің көрінісі.
Мереке аясында университетте ерекше шара өтті – студенттер аңызға айналған «Адай» күйін орындады. Бұл – күш-қайратты, жылдамдықты және еркіндік рухын бейнелейтін шығарма. Бұл музыкалық қойылым ғана емес, мәдени сабақтастықтың, рухани құрметтің белгісі әрі тамырын ұмытпаған ел ғана алға қарай нық қадам басатынын еске салу болды.
Астана медицина университеті баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен құттықтайды!
Мәдениетке деген сүйіспеншілік пен дәстүрге деген құрмет жүрегімізде мәңгі сақталып, игі істерге, биік мұраттарға және ұрпақтар бірлігіне шабыт бере берсін!