2025 жылғы 8 шілдеде Астана медицина университетінің түлектеріне диплом тапсырудың салтанатты рәсімі өтеді. Бір мыңнан астам студент оқу жолының аяқталғанын және әрбір түлек үшін жаңа кезеңнің басталғанын білдіретін өздерінің көптен күткен дипломдарын алып, маңызды құжатқа ие болады.
Іс-шара Кәлибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының әсем залында өтеді (Астана қ., К.Қуанышбаев көшесі, 8/1). Салтанатты рәсім 3 ағымда ұйымдастырылады: 1-ағым – сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін, 2-ағым – сағат 13:00-ден 16:00-ге дейін, 3-ағым – сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін.
Іс-шараға университет басшылығы, ата-аналар және шақырылған қонақтар қатысады.
Кіру тек шақыру билеттері арқылы!