АБЫЛАЙ ШАКЕНОВ АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КЛИНИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

АБЫЛАЙ ШАКЕНОВ АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КЛИНИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

АБЫЛАЙ ШАКЕНОВ АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КЛИНИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Астана медицина университетінің Директорлар кеңесінің шешімімен Басқарма мүшесі – клиникалық жұмыс жөніндегі проректор лауазымына Абылай Дүйсенұлы Шакенов тағайындалды.

Абылай Шакенов – медицина ғылымдарының докторы, профессор, хирургия саласындағы 30 жылдан астам ғылыми-оқытушылық және клиникалық тәжірибесі бар білікті маман.

1994 жылы Целиноград мемлекеттік медицина институтын бітірген. Кәсіби жолын 1996 жылы ЦММИ-нің госпитальдық хирургия кафедрасында оқытушы-тағылымдамашы қызметінен бастаған.

2000 жылы «Хирургия» мамандығы бойынша кандидаттық диссертацияны қорғады.

2001–2004 жылдары Ақмола мемлекеттік медицина академиясының №1 хирургиялық аурулар кафедрасында доцент, ал 2004 жылы дәрігерлерді жетілдіру факультетінің хирургия кафедрасында доцент қызметін атқарды.

 

2005–2009 жылдары Қазақ мемлекеттік медицина академиясының факультеттік хирургия кафедрасында урология курсы бойынша дәріс оқыды.

2006 жылы «Хирургия» мамандығы бойынша докторлық диссертациясын қорғады.

2009–2010 жылдары №3 хирургиялық аурулар кафедрасында профессор, ал 2010 жылдан бастап 2020 жылға дейін Астана медицина университетінің №1 хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі болды.

Оқытушылық қызметпен қатар, 2011–2015 жылдары Астана қаласының №2 қалалық ауруханасында жалпы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, сондай-ақ хирургиялық қызмет бойынша бас дәрігердің орынбасары міндетін уақытша атқарды. 2019–2020 жылдары «Астана медицина университеті» КеАҚ Сенатының тұңғыш төрағасы болып сайланды.

 

COVID-19 індетін өткергеннен кейін 2020–2021 жылдары оңалтудан өтті, ал 2021–2023 жылдары Германия, Израиль және Түркияда тағылымдамадан өтіп, дәрігерлік қызметпен айналысуға мемлекеттік лицензия алды.

2024 жылдан бастап «АМУ» КеАҚ Цой Г. В. атындағы хирургия кафедрасында қызмет атқарады.

Ол Германия мен Израильде хирургияның инновациялық әдістері мен студенттердің білімін бағалаудың заманауи тәсілдері бойынша халықаралық тағылымдамалардан өтті.

Абылай Шакенов – бір монографияның, бір оқу құралының, үш патенттің және 100-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.

 

Медицина ғылымы мен білімінің дамуына қосқан үлесі келесі мемлекеттік және ведомстволық марапаттармен атап өтілді:

·         2007 – «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі;

·         2018 – «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалі;

·         2019 – «Құрметті ұстаз» төсбелгісі («АМУ» КеАҚ).

Абылай Дүйсенұлы – кәсіби өмір жолы терең ғылыми білім, мол тәжірибе және медицинаға деген адалдықпен ұштасқан тұлға. Ол елімізде хирургиялық емдеу әдістерін жетілдіруге және хирург-дәрігерлерді даярлауға баға жетпес үлес қосып келеді.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика