АЯН МЫСАЕВ АСТАНА МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

АЯН МЫСАЕВ АСТАНА МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

АЯН МЫСАЕВ АСТАНА МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«Астана медицина университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Басқарма мүшесі – стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор лауазымына Аян Оралханович Мысаев тағайындалды.

Аян Мысаев – PhD докторы, қауымдастырылған профессор, денсаулық сақтау және медициналық білім беру саласында мол тәжірибесі бар ұйымдастырушы және зерттеуші. Ол – 8 PhD докторанты мен 20-дан астам магистрдің ғылыми жетекшісі.

2005 жылы Семей мемлекеттік медицина академиясын үздік бітірген. Кейінгі жылдары кәсіби және академиялық даярлығын кеңейтіп отырды:

·         2005–2007 жылдары – «Қайнар» университетінде шетел тілдері бойынша бакалавриат;

·         2005–2008 жылдары – СММА-да «травматология және ортопедия» мамандығы бойынша интернатура және клиникалық ординатура.

2008 жылдың қарашасы мен 2020 жылдың қыркүйегі аралығында «Семей медицина университетінде» ассистенттен бастап Инновациялық білім беру департаментінің директоры қызметіне дейінгі жолдан өтті. Бұл кезеңде ол оқытушылық, әкімшілік және ғылыми қызметті қатар атқарды. Ассистент, оқу ісінің меңгерушісі, кафедра меңгерушісі, доцент, декан және департамент директоры қызметтерін атқарған.

2010–2013 жылдары «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша PhD докторантурада білім алды. Диссертация тақырыбы – «Жол-көлік оқиғалары кезінде медициналық көмекті жетілдірудің ұйымдастырушылық аспектілері».

2016–2018 жылдары ҚазГЮИУ-де «Экономика» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алып, экономика және бизнес бакалавры дәрежесін үздік дипломмен аяқтады.

2020–2021 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адам ресурстары департаментінің медициналық білім беру басқармасын басқарды, ал 2021–2025 жылдары осы департамент директорының орынбасары қызметін атқарды.

Аян Мысаев – ғылыми және білім беру үдерісінің белсенді қатысушысы, стратегиялық басқару мен медициналық білім беруді дамыту саласында академиялық дайындықты практикалық тәжірибемен ұштастыра білетін маман.

Оның кәсіби жетістіктері бірқатар марапаттармен атап өтілген:

·         2014 – PhD ғылыми дәрежесі

·         2017 – «Қауымдастырылған профессор» ғылыми атағы

·         2019 – «ҚР денсаулық сақтау саласының үздік жас ғалымы»

·         2019 – ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің алғыс хаты

·         2021 – «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі

·         2023 – ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің алғыс хаты

Аян Оралханович – тұрақты даму, білім беру үдерістерін цифрландыру және медицина мен ғылым салаларында халықаралық ынтымақтастықты ілгерілетудің белсенді жақтаушысы. Оның тағайындалуы – Астана медицина университетінің стратегиялық өсімі бағытындағы маңызды қадам.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика