«Астана медицина университеті» КеАҚ Бухгалтерлік есеп бөлімінің бас бухгалтерінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 17 шілдеден 30 шілдеге дейін.
Құжаттар электрондық пошта арқылы қабылданады: rezume@amu.kz
Мына мекенжай бойынша: Астана қ., Абай даңғылы, 47, 6 қабат, 622 кабинеті (уақыты сағат 8:30-дан 17:30-ға дейін, жұмыс күндері қолма-қол беру)
Қажетті құжаттар:
1. белгіленген нысан бойынша өтініш (сілтеме: Бос орындар);
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) түйіндеме/портфолио;
4) қысқа және орта мерзімді кезеңге арналған жоспар (1,3,5 жыл);
5) білім туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері бір-бір данадан - түйіндеме/портфолио;
Конкурстың өтетін күні мен орны қосымша хабарланады.
Бос орындар туралы толық ақпарат университеттің ресми сайтындағы «Бос орындар» бөлімінде орналастырылған.