Астана медицина университетінің қабырғасында ерекше оқиға – магистратура бітіруші түлектерге диплом табыстау салтанаты Мемлекеттік Әнұранның орындалуы және салтанатты фанфар үнімен ашылды.
Бұл күні университеттің акт залы мақтанышқа, шабыт пен бірлікке толы атмосфераға бөленді. Түлектер, оқытушылар, ата-аналар мен құрметті қонақтар оқу кезеңінің аяқталуы мен кәсіби жолдың жаңа бастамасын бірге атап өту үшін бас қосты.
2025 жылы ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттар бойынша барлығы 108 тілек магистратураны аяқтады. Олар келесі маңызды салаларда еңбек ететін болашақ мамандар:
· Қоғамдық денсаулық сақтау
· Фармация
· Нутрициология
· Медицина
· Биологиялық қауіпсіздік
· Мейіргер ісі
· Биология
· Денсаулық сақтаудағы менеджмент
· Эпидемиология
· Геронтология
· Клиникалық психология
· Госпитальдық менеджмент
«Біз бұл жерден тек диплом емес, білім, тәжірибе, даналық пен шабытқа толы үлкен рухани қоржынмен кетіп барамыз. Бұның бәрі үшін университетімізге алғысымыз шексіз!» – деп түлек Қуаныш Алимбетов өз ризашылығын білдірді.
Салтанатты шараның соңын ұлттық нақыш пен жылы эмоциялармен әдемі түйінделді –бір түлектің әжелері шашу шашып, ақ батасын берді. Өздерінің жүрекжарды тілектерінде олар жас мамандарға сенімділік, адалдық, кәсібилік және ең бастысы – өз ісіне деген махаббат тіледі.
Түлектерді шын жүректен құттықтаймыз! Оларға табысты еңбек жолын, шабыт пен медициналық мамандыққа адалдық тілейміз!