Астана медицина университеті – болашақ мамандыққа бастар жолың!

Астана медицина университеті – болашақ мамандыққа бастар жолың!

Астана медицина университеті – болашақ мамандыққа бастар жолың!

Астана медицина университеті – Қазақстандағы ең ірі әрі қарқынды дамып келе жатқан медициналық жоғары оқу орындарының бірі. Университеттің 60 жылдан астам тарихы, қалыптасқан дәстүрлері және жоғары халықаралық мәртебесі бар.

Мұнда студенттердің ғылыми, қоғамдық, шығармашылық және спорттық бағыттарда өзін-өзі белсенді түрде іске асыруына барлық жағдай жасалған.

АМУ-ды таңдауға себеп болатын бірнеше артықшылық:

Бізде дайындықтың барлық деңгейлері бойынша 70-тен астам білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады. Олардың қатарында Қазақстан және шетелдердің жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарымен (Өзбекстан, Израиль, Сингапур, Литва, Ресей және т.б.) бірлескен бағдарламалар бар.

АМУ – Академиялық адалдық лигасының толыққанды мүшесі. Университет Дүниежүзілік медициналық білім беру федерациясы (WFME) мойындаған IAAR және ECAQA агенттіктерінің аккредитацияларынан сәтті өтті.

Біз халықаралық рейтингтерде жоғары көрсеткіштерге қол жеткіздік:


Times Higher Education 2024 – Reporter мәртебесі

Times Higher Education Impact 2025 – 1500+ позициясы

UI Green Metric 2024 – әлемнің үздік 1000 ЖОО қатарына енді

QS Stars – 4 жұлдыз (5-тен), оның ішінде:
5 жұлдыз – оқыту және жұмысқа орналасу
4 жұлдыз – зерттеулер, «Медицина» ББ күші
3 жұлдыз – интернационализация, инклюзивтілік және әлеуметтік ықпал

Ұлттық рейтингтерде де көшбасшы орынды иеленіп отырмыз. АМУ 2024 жылғы медициналық жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингінде (IQAA-Ranking) 2-орынға ие болды және ғылыми жарияланымдар саны бойынша Қазақстан ЖОО-ларының ТОП-10 қатарына кіреді.


Университеттің білім беру бағдарламаларының рейтингі де жоғары. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректері бойынша АМУ келесі көрсеткіштерге ие:

• 1-орын – «Фармация»
• 2-орын – «Жалпы медицина», «Қоғамдық денсаулық сақтау»
• 3-орын – «Мейіргер ісі»
• 4-орын – «Стоматология».

Бұл рейтинг 2019 жылдан бері жарияланып келеді және білім алушылар мен жұмыс берушілерге үздік білім беру бағдарламаларын таңдауға көмектеседі.

АМУ-да білім беру қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
Біздің түлектеріміздің 98,6%-ы тәуелсіз бағалаудан бірінші реттен сәтті өтеді.

Астана медицина университеті 130-дан астам меморандум жасасқан. AMEE, ORPHEUS, ADEE, ASPHER, ASME, BRIMEA ұйымдарына мүше. Шетелдік алдыңғы қатарлы университеттерде білім алу және тағылымдамадан өту мүмкіндігі бар. Визитинг-профессорларды тарту жүзеге асырылуда.

Бізде болашақ мамандар клиникалық дағдыларын жетілдіретін және шынайы жағдайға жақын ортада тәжірибе жинақтайтын жоғары технологиялық Симуляциялық орталық бар

Оқыту тренажерлер, симуляторлар, фантомдар және мамандандырылған залдарда өтеді. Республикалық және қалалық деңгейдегі медициналық мекемелерде орналасқан 93 клиникалық база – студенттер үшін теориялық білімді алғашқы курстан бастап тәжірибеде қолдану мүмкіндігі.

АМУ-да ең заманауи Open Space кітапханасы бар: 2270 м² кеңістік, 480 мыңнан астам кітап қоры, Web of Science, Scopus, LECTURIO, IPRSmart және басқа да отандық және халықаралық дерекқорларға қол жеткізу мүмкіндігі.

Біздің ғылыми әлеуетіміз де жоғары:

• 92 ғылым докторы, 218 ғылым кандидаты, 82 PhD

• 5 ғылыми-зерттеу институты

• H-индексі бар 300-ден астам қызметкер

• Конференциялар мен жобаларға белсенді қатысу

Университетте клиникалық базалармен, оқу-клиникалық орталықпен және медициналық полигонмен жабдықталған әскери кафедра жұмыс істейді. Кафедра құрылғаннан бері 11 мыңнан астам студент әскери дайындықтан өтті, олардың көпшілігі әскери дәрігер мамандығын таңдаған.

Бізде студенттік өмір мен волонтерлік қызмет белсенді дамыған:

• 18 студенттік ұйым

• 3000-нан астам белсенді студент

• Студенттік ректорлар кеңесі

• Университетті басқаруға қатысу мүмкіндігі

• 14 спорт секциясы және 16 команда

• Халықаралық қауымдастықтар мен жобалар

• Студенттерге арналған фитнес-зал және т.б.

Студенттерге арналған жатақхана 3000-нан астам орынды қамтиды.

 

АМУ-ды таңда – сенің медициналық білімің осы жерден басталады!

Бедел, тәжірибе, халықаралық мүмкіндіктер – бәрі бір университетте.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика