Құрметті талапкерлер!
2025–2026 оқу жылына ақылы негізде оқуға конкурсқа құжаттарды қабылдау статистикасы білім беру гранттарын тағайындау нәтижелері жарияланғаннан кейін университеттің ресми сайтында орналастырылады (нәтижелер 10 тамызға дейін жарияланады деп күтілуде).
Еске саламыз, ақылы негізде оқуға құжаттарды қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады.
Маңызды ақпараттарды жіберіп алмау үшін университеттің ресми сайтындағы хабарландыруларды қадағалап отыруды ұсынамыз.