Астана медициналық университетінде 7М10130 «Мейіргер ісі» бағыты бойынша бейіндік магистратураға қабылдау жүзеге асырылады. Бағдарлама 6В10101 «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасы бойынша оқуын аяқтаған бакалаврларға арналған. Оқу ұзақтығы – 1 жыл. Бағдарламаны аяқтағаннан кейін қоғамдық денсаулық сақтау магистрі дәрежесі беріледі.
Түсу үшін кешенді тестілеу тапсырылады, оның ең төменгі шекті балы – 30, соның ішінде әрбір бейіндік пән (мейіргер ісінің негіздері және мейіргер ісіндегі менеджмент) бойынша кемінде 7 балл болуы қажет.
Кешенді тестілеуге тіркеу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында 28 қазаннан 10 қарашаға дейін жүргізіледі (қысқы қабылдау).
Кешенді тестілеусіз түсу мүмкіндігі мейіргер ісі саласында кемінде 10 жыл еңбек өтілі немесе басшылық лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар үміткерлер үшін қарастырылған. Бұл жағдайда үміткер міндетті түрде сұхбаттан өтуі қажет. Сұхбатқа қатысу үшін өтініштер университеттің қабылдау комиссиясына 2025 жылғы 21 тамызға дейін (жазғы қабылдау) немесе 2025 жылғы 1 желтоқсанға дейін (қысқы қабылдау) тапсырылады.
Оқуға қабылдау үшін құжаттар 2025 жылғы 28 тамызға дейін қабылданады. Бағдарлама ақылы негізде жүзеге асырылады, оқу ақысы – 1 122 000 теңге. Оқыту күндізгі (дәрістік) форматта жүргізіледі.
Бағдарлама түлектері мейіргерлердің жұмысын ұйымдастырып, үйлестіруге, мейіргер ісіндегі ішкі саясаттар мен рәсімдерді әзірлеп, енгізуге, сондай-ақ кәсіби мейіргерлік менеджмент шеңберіндегі үдерістерді басқаруға мүмкіндік алады.
Қосымша ақпаратты келесі мекенжай бойынша алуға болады: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 51, 308-кабинет.
Байланыс телефондары:
Магистратура және докторантура бөлімі: 8 (7172) 27-01-77, 8 701 523 00 85
Қабылдау комиссиясы: +7 (7172) 53-95-12, +7 708 494 21 79, 8 778 357 94 57, 8 778 985 30 95